Антарктида доллары

Антарктида доллары бар екенін енді естіп отырмын. Ал сіз осындай ақша барын білесіз бе?


Антарктида доллары — Антарктида континентінің бейресми валютасы. Бұл ақшаны АҚШтан келген энтузиаст адамдар тобы жасады. Олар Антарктида ешбір мемлекеттің аумағына кірмейтін болғандықтан өз жеке валютасына құқы жоғына қарамастан 1996 жылы Антарктида Шетелдік Банкін (Antarctica Overseas Exchange Office) құрды. Бұл ақцияны ұйымдастырушылардың ойы бойынша осындай әрбір ақша белгісін номиналы сәйкес келетін америкалық долларға айырбастап алуға болады. Ал осы айырбастан түскен қаражат Антарктидада жүргізілетін ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға жұмсалады. Банкноттарда серия нөмірі, оған қоса бірнеше деңгей қорғау дәрежесі бар.

463
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *