Басшысы жоқ компания

Басшысы жоқ компания немесе холократия –  бұл кәсіпорынды басқару жүйесі, яғни лауазымдар, иерархия, менеджерлер мен көшбасшылар жоқ, ал әрбір қызметкерде шешім қабылдау құқығы бар басқару жүйесі.

Бұл модельдің авторы Брайан Робертсон деп есептеледі.  Брайан Робертсон —холократия алғаш рет қолданылған Ternary Software компаниясының негізін қалаушы. Ол холократияның анархиямен бірдей еместігін түсіндіреді. Керісінше, бұл үлестірілген авторитаризмнің бір түрі. Шешімді әдетте бір адам қабылдайды, бірақ әр кезде әртүрлі адам қабылдайды.

Өзін-өзі басқаратын модельді ендірген табысты компаниялардың бірі – Half-Life және Portal ойындарымен танымал Valve бағдарламалық қамтамасыз ету компаниясы.

Компанияда: «Мүмкін, сіздің жұмысыңыздың ең қиын бөлігі –  Valve-де не істеу керектігін шешу» дейді. «Мұның себебін, енді түсінген шығарсыз, сізді белгілі бір жұмыс істеуге алған жоқ. Сіз үнемі өзіңіз жасай алатын ең құнды жұмысты іздеу үшін жалдандыңыз. Жобаның соңында сіз өзіңіздің негізгі құзыреттілігіңіз деп санаған қабілет пен дағдыдан да асып түсуіңіз мүмкін», — дейді.

Холократия идеясының танымал жақтаушысы – Zappos.com басшысы Тони Шэй. Ол компаниядағы иерархиядан бас тартып қана қоймай, қызметкерлерге қатысты «түбегейлі ашықтықты» жол іздейді.

Дайындаған Бақытжан Салихов

429
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *