Біз жақсы адам болып дүниеге келдік

«Біз жақсы адам болып дүниеге келдік» — осы тұжырыммен келісетін боларсыз?

Гай Музоний Руф былай дейді: «Адам ізгілікке бейім болып туады».

Осы сөздерді оқығанда ойыңызға не келді?

Бүгін 31 қазан, «Әр күнге арналған Стоицизм» (Стицизм на каждый день) деген кітапты оқысаңыз, кітапта әр күнге арналған ой, тұжырым және сол ойға автордың түсіндірмесі беріледі. Сонда кітапты оқығанда бірінші бетінен, яғни 1қаңтардан бастап оқымай, кітапты қай күні сатып алсаңыз, сол күннің сипаттамасынан бастап оқысаңыз болады.

Бүгінгі күнге жоғарыда келтірілген Гай Музоний Руфтың: «Адам жақсылыққа, ізгілікке бейім болып туады» сөзі берілген.

Автор Райан Холидей «Шын мәнінде біз бір-бірімізге жақсы болу үшін, бір-бірімізге көмектесу үшін жаралғанбыз. Олай болмаған жағдайда, біз тірі қалмас едік. Стоиктердің философиясында балаға да түсініксіз немесе парасатты, ақылға қонымды емес бірде бір идея жоқ болар», дейді.

Гай Музоний Руфтың сөзін толық келтірсек: «Табиғатымыздан біздің барлығымыз күнәсіз және моральдық жағынан әдемі өмір сүре аламыз, яғни біреу істей алады, екіншілер істей алмайды деген сөз емес. » «Ал егер сіз айтылған парасаттылықтан қашық болсаңыз, бұл сіздің туа біткен азғындығыңызға байланысты емес, қате идеялар мен қате заттарды сіңіргеніңізге байланысты. Сенеканың айтуынша, философия — осының бәрінен (жамандықтан) құтылудың және шынайы табиғатыңызға оралудың құралы» деген ой айтады.

Осы сөздерді асықпай ойласақ, яғни жаман адам жоқ, барлық адам жақсы, ал егер ол қате идеялар мен ортаның кесірінен жамандыққа үйір болса, өз табиғатына қайту үшін көп ойланып, өзіне сұрақ қойып, ненің жақсы/жаман екенін ажыратуға тырысып, өз бастапқы табиғатына қайтуы керек.

405
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *