Жағымды тосын сыйлар күні

Мейірімді де көңілді мереке – Жағымды тосын сыйлар күні – 26 қазанда атап өтіледі.

Бұл мерекені кім және қашан бастағаны белгісіз, бірақ ол өте позитивті және әлемге ашық адам екені айдай анық. Жыл сайын бұл күнді қолдаушылар көбейіп келеді, сондықтан бүгінде осы мерекені тойлау кең тараған деп айтуға болады.

Бұл күннің дәстүрлері, әрине, мерекенің атауында жазылғандай  –   айналаңыздағы, тіпті бейтаныс, адамдарға  ешқандай себепсіз әртүрлі «жақсылық» жасау керек.

Әрқайсымыздың өмірімізде күтпеген сыйлықтың немесе өзімізге бөлінген көңілдің қуанышы маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, мереке күні күз уақытына – мұңға толы, бәрі сүйе бермейтін кезеңге келгендіктен, осындай мереке көптеген адамдарды күлімсіретіп, қуаныш сыйлай алады деп сенеміз.

471
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *