Аспалы, домалақ және өніп-өсетін: құпиясы ашылмаған ғажайып тастар

Табиғат құпияларының арасында тастарға байланысты құбылыстар ең қызығы деп атауға болады. Ғалымдар жылдар бойы тастар неге нақ осындай қалыптқа түскендерін зерттесе де, жауабын таба алмауда. Бүгін тастарға байланысты үш қызық деректі қарастырайық.

Аспалы тастар

Мұндай тастарды әлемнің әр түкпірінен кездестіруге болады. Америкада, Сан -Бернардино тауларының батыс бөлігінде бұл тастар көптеп кездеседі. Мұнда салмағы бірнеше тонна алып тастар өте нәзік және жіңішке болып көрінетін табанға орналасқан.

Мыңдаған жылдар мен ғасырлар ішінде тас үгітіліп, желмен ұшып, сумен шайылып, жартастар осындай формаға айналған деген болжам бар. Алайда, бір қарағаннан-ақ бұл тастарға физиканың бірде-бір заңы әсер етпейтіндей. Негізінде барлық табиға заңдылықтар бойынша, бұл тастар әлдеқашан құлап қалуы керек еді.

Әрине, бұл тастардың пайда болуы туралы басқа планеталардан келген жат технологиялар туралы таңғажайып болжамдар да бар. Біреулер бұл ежелгі өркениеттің шеберлері жасаған десе, ал басқалары бұл құбылыс аномальды және күшті магнетизмі бар деген теорияны ұстанады. Ал кейбіреулер бұл тастардың тірі организм екеніне сенімді және тастар осы қалпын қанша уақыт сақтайтынын олар өздері шешеді деп ойлайды.

Тірі тастар

Көптеген адамдар тастардың тірі организм екендігіне күмән келтірмейді. Мұндай болжамдардың өз  негізі бар, өйткені табиғатта тастардың көлемінің ұлғаюы, қозғалуы, сонымен қатар көбеюінің нақты мысалдары бар. Осындай тастарды трованттар деп атайды. Оларды, мысалы, Румынияның орталық аймақтарында көруге болады.

Шын мәнінде, тастардың өсуі мен олардың көбеюінің бүкіл үрдісі ойға қонымды, бірақ ешкім әлі де оның қалай жүзеге асатынын өздері түсініп, жұртқа түсіндіре алмады. Бұл құбылыстың жаңбыр суы әсерімен байланысты екендігі дәлелденген. Жаңбыр жауған кезде трованттардың көлемі үлкейетіні байқалған. Бұл жағдай тастарды әдеттегі орнынан жылжуына мәжбүр етеді. Тастар қозғала бастағандай болып көрінеді.

Нәтижесінде алғашында көзге ілінбейтін кішкентай тас бірнеше жылдан кейін массасы бір тоннаға дейін, кейде одан да ауыр үлкен дөңгелек тасқа айналады. Ондай тастардың биіктігі он метрге дейін жетеді. Ең қызығы –  олардың өсу үрдісі. Трованттар, көптеген тірі организмдер сияқты, өзінің «жетілген» жасына қарағанда, дамуының бастапқы кезеңінде әлдеқайда тез өседі.

Ғалымдар үшін түсініксіз құбылыс – бұл тастардың ішінде ағаштарға тән «жылдық сақиналардың» болуы. Бірақ бұл жағдайда, болжам бойынша, олар жыл санын емес, тастың өсу кезеңдерін көрсетуі мүмкін. Трованттың ортасында әрқашан да өзегі бар болады, ол осы ерекше тастардың өмір циклінде біртіндеп сақиналармен қапталады.

Олар бөліну арқылы көбейетін сияқты, қалай болса да, осы тастарға жақынырақ және мұқият қарасаңыз, әркім осы ойға келеді. Әдетте, трованттың ылғал көп түскен жері ұлғая бастайды. Уақыт өте келе ол жерде шордың бір түрі пайда болады. Біраз уақыттан кейін ол бастапқы тастан бөлініп, жерге құлап, өз бетімен дами және дербес өмір сүре бастайды. Оның құрылымы «ата-анасының» құрылымынан айнымайды. Содан кейін бәрі басынан бастап қайталанады.

3. Тас шарлар (Домалақ тастар)

Бұл әлемде домалақ, шар тәрізді ерекше тастар да бар. Олар планетамыздың әртүрлі нүктелерінде кездеседі. Мысалы, Қазақстанның Маңғышлақ облысында. Рас, олардың бәрі бірдей ме, әлде әр тас шешілмеген жаңа жұмбақ па екені ешкімге де белгісіз.

Коста-Рикада мұндай тастарды алғаш банан өсіру үшін жер алқаптарын тазартып жүрген жұмысшылар тапқан. Сол кезде бұл тастар біздің заманымызға дейін осы аймақта өмір сүрген халықтардың, ежелгі өркениеттер шеберлерінің туындысы деген болжам жарияланды. Бұйым ретінде бұл тастар не үшін керек болғаны түсініксіз болды. Бір болжам бойынша олар планеталарды бейнелейтін, ал басқалардың пікірінше олар белгілі бір шекараны белгілеген.

Осыған байланысты, көптеген адамдар қазірге дейін бұл тастарды адам қолының туындысы деп санауда. Болжамдардың біріне сәйкес, оларды мұз дәуірі жақындаған кезде осы аймақта тұратын адамдар жасаған. Олар үшін бұл күннің нышаны болған. Осылайша олар құдайдан көмек күтіп, жылудың жерге қайта оралуын сұраған. Дайындаған Бақытжан Салихов

466
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *