Самурайлар туралы 7 фильм

Самурайлар туралы білесіз бе?

Ақпаратқа жүгінейік.

Уикипедия былай дейді: ««Самурай» сөзі saberu етістігінен шығады, тура аудармасында «қызмет ету, қолдау» деген мағына береді, яғни жапон императоры мен жапон халқына қалтқысыз қызмет ету.

Самурайлар — тек әскери жауынгер ғана емес. Олар өз қожайындарына оққағар ретінде қызмет етумен қатар күнделікті шаруаларына да араласып отырған. Самурайлық атадан ба­ла­ға қалып отыр­ды. Барлық саму­рай­лар­дың жер ие­ліктері және оған қызмет ете­тін шаруа отба­сылары болды. Самурай тек әскери жат­тығуларды жетілдіру­мен ғана айналысты. Шаруалар олардың егінін екті, малын бақты, үйін салды. Ал самурай өз кезегінде шаруаны қорғады.»

Ал енді самурайлар туралы фильмдерге назар аударайық.

1. 47 ронин

47 Ronin

  • АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Венгрия, 2013 жыл.
  • Фэнтези, драма, атыс-шабыс жанрындағы фильм
  • Ұзақтығы: 128 минут.
Фильмы по самураев: «47 ронинов»
«47 ронин» фильмінен кадр

XVIII ғасырдағы Жапония. Сатқын көршінің құйтыртқы әрекеттерінің кесірінен лорд Асано Наганори өзіне қол жұмсауға мәжбүр болады. Оның адал самурайлары қожайынының өлімі үшін кек алғылары келеді. Бұл ойларын жүзеге асыру үшін, олар елдегі ең қорғалған қамалға кіруі керек.

Жапонияда кекшіл самурайлар туралы аңызды кем дегенде оншақты рет түсірген болар. Ақырында америкалық продюсерлер де бұл тақырыпқа назар аударды. Алайда сюжеттің тым қарапайым болуына байланысты түпнұсқа Голливуд өндірісіне сәйкес келмеді. Сондықтан аңызды фэнтези ертегіге айналдырып, басты рөлге көрермендердің сүйікті әртәсә Киану Ривзді шақырған.

2. Қызыл күн

Soleil rouge

  • Франция, Италия, Испания, 1971 жыл.
  • Вестерн, атыс-шабыс жанрындағы фильм
  • Ұзақтығы: 112 минут.

Фильмнің оқиғасы 1871 жылы жабайы Батыста орын алған. Линк Стюарт пен Готч Кинк бастаған қарақшылар тобы АҚШ президентімен кездесуге бара жатқан Жапония елшісі мінген жолаушылар пойызына батыл шабуыл жасайды. Олар ақшамен бірге ел басшысына сыйлыққа алып келе жатқан қылышты ұрлайды. Самурай Курода Джубей катананы жеті күн ішінде қайтарамын деп сөз береді. Бұл қиын мәселеде оған Линк көмектеседі, өйткені оны серіктесі сатып кеткен еді.

Фильмде француз Ален Делон, америкалық Чарльз Бронсон, жапон Тосиро Мифунэ түскен.

3. Елес ит: Самурай жолы

Ghost Dog: The Way of the Samurai

  • Франция, Германия, АҚШ, Жапония, 1999 жыл.
  • Триллер, драма, криминал, атыс-шабыс жанрындағы фильм.
  • Ұзақтығы: 116 минут.

Лақап аты «Елес ит» атты жалдамалы қанішер өзін самурай санайды және барлық жерде аты аңызға айналған самурай жауынгерлердің ежелгі философиясын ұстанады. Бір кездері орташа мафия бастығы оның өмірін сақтап қалған еді, содан бері «Елес ит» оны қожайын санап, барлық нұсқауларын орындап жүреді. Бірақ жағдай өзгеріп мафиозиге «Елес итті» жою туралы бұйрық келеді.

4. 13 қанішер

Jûsan‑nin no shikaku

  • Жапония, Ұлыбритания, 2010 жыл.
  • Драма, атыс-шабыс жанрындағы фильм, шытырман оқиға.
  • Ұзақтағы: 141 минут.
Фильмы по самураев: «13 убийц»
Фильмнен кадр

Жапония, 1844 жыл. Самурайлар ғасыры аяқталуға жақын. Билікке князь Нарицугу Мацудира қол жеткізейін деп жатыр.

Алайда ол өз ықпалын асыра пайдаланып, қарапайым халықты өлтіріп, мазақ етеді. Содан сегунның кеңесшісі Шинзаэмон Шимаданы шақырып қалған бірнеше самурайдың басын қосып, топ жинап, Нарицугумен күресуге көндіреді.

Жапон режиссёрі Такаси Миике өз фильмінің негізіне Эйчи Кудоның жұмысын алды. Ол ұзақ монологтарды алып тастады, бірақ түрлі зорлық-зомбылық көріністері қосылды.

5. Жасырын қылыш

Kakushi ken oni no tsume

  • Жапония, 2004 жыл.
  • Драма, мелодрама, тарих, атыс-шабыс жанрындағы фильм.
  • Ұзақтығы: 132 минут.

Кедейленген самурай Мунедзо Катагири кезінде үйінде қызмет еткен Киеге бұрыннан ғашық болады. Батыр оған күйеуінің отбасында тұру қиын екенін біледі. Сондықтан Киені қатыгез жұбайынан алып кетеді, бірақ ол сезімге берілмейді, өйткені оның таңдаған адамы басқа таптан еді. Осы кезде бір-екі жыл бұрын астанаға кеткен Катагиридің бұрынғы сыныптасы қастандық жасаушы екені белгілі болады, ал ру басшылары оған ескі досын өлтіруді бұйырады.

Бұл жапон классигі Йодзи Ямаданын трилогиясындағы самурай туралы екінші фильм. Негізі ол ұзақ жылдар бойы мелодрамалар мен комедиялар түсіргенін атап өтейік. Жапондықтар еуропалық жекпе-жекті үйреніп жатқан көріністер әдейі күлкілі формада түсірілген, осы арқылы кейіпкер басынан өткізіп жатқан драманы барынша анық көрсеткен.

6. Соңғы самурай

The Last Samurai

  • АҚШ, Жаңа Зеландия, Жапония, 2003 жыл.
  • Шытырман оқиға, драма, тарих, атыс-шабыс жанрындағы фильм.
  • Ұзақтығы: 154 минут.

19 ғасырдың соңында жапон императоры Мэйдзи елі батыстың даму жолымен жүруі керек деп шешеді. Самурайларды оның бұл шешімі қуантпайды. Ал билеуші ​​америкалық әскерді жалдап, заманауи армия құруға және көтерілісті басуға көмектесулерін сұрайды.

Қызметінен кеткен капитан Натан Алгрен қол астындағы адамдарымен бірге әйгілі бүлікші Кацумотоға қарсы тұруға мәжбүр болады. Ұрыс кезінде АҚШ-тың тумасы тұтқынға түседі. Бірақ біртіндеп батырлар арасында достық орнайды.

7. Махаббат пен құрмет

Bushi no ichibun

  • Жапония, 2006 жыл.
  • Драма, мелодрама.
  • Ұзақтығы: 122 минут.
Фильмы про самураев: «Любовь и честь»
Фильмнен кадр

Жас самурай Шиноджо Мимура кланға дайындалатын тағам дәмін татушы болып қызмет етеді. Бір күні ол уланған тағамды жеп көрген соң, соқыр болып қалады. Енді ол шындықты қабылдап, самурай абыройын жоғалтпай, өмірге бейімделуі керек.

Бұл фильм Йоджи Ямаданың самурай дәуірінің аяқталуы туралы трилогиясының соңғы фильмі. Трилогиядағы барлық фильмдердің ішінде ол ең қарапайым, камералы, сонымен қатар ең лирикалық және эмоционалды болып шықты.

Дайындаған Бақытгүл Салыхова

1045
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *