Уақытты қалай басқаруға болады: 20 000 долларлық кеңес

Уақытты қалай басқаруға болады? деген сұраққа минутына 20 000 долларлық кеңес береміз десек қалай қарайсыз?

ХХ ғасырдың басында Эндрю Карнегидің оң қолы және Bethlehem Steel президенті Чарльз Шваб өзінің және менеджерлерінің тиімділігін арттырғысы келді.

Кіші Джон Рокфеллер Швабқа өзінің жеке кеңесшісі және тиімділікті арттыру бойынша танымал сарапшы Айви Лимен кездесуге кеңес берді. Шваб ешқашан қолы босамайтын, кеңесшілерді жек көретін адам болса да, Айвимен кездесуге 20 минут бөлуді шешеді.

Ли алдымен Швабтан компанияның табысы туралы көзқарасын көрсетуді сұрады. Шваб өзінің болашаққа деген нақты анық көзқарасы туралы бірден айтып береді. Содан кейін Ли Швабтан осы көзқарасты жүзеге асыру үшін күн сайын жасалуға міндетті алты маңызды нәрсені жазуды сұрайды. Тізім жазылып болған соң ол Швабтан оның осы тапсырмалардың ішіндегі ең маңыздыларынан бастап орындауын және бір күн ішінде не істегенін сызып тастауды сұрайды.

Күннің соңында Шваб келесі күнге белгіленген басты жұмыстардың тағы бір тізімін жасауға мәжбүр болды. Егер ол бірдеңе істей алмаса, оны келесі күнгі тізімнің басына қоюы керек еді. Мұның бәрін Ли 15 минутқа жетпеген уақытта түсіндіріп үлгерді.

Шваб оған былай деп жауап берді: «Болғаны осы ма? Бұл кеңесіңіз үшін сізге қанша төлеуім керек?»

Ли Швабтан кеңесті іс жүзінде сынап көруді, содан кейін Швабтың өзі кеңесті қаншаға бағаласа, сонша сомаға чек жіберуән өтінді. Бірнеше аптадан кейін Шваб Лиге бұрын-соңды естімеген ең пайдалы кеңесі үшін алғыс хатын және оған 25 000 долларға чек қосып жіберді (қазіргі кезде бұл шамамен 300 000 долларға тең сома)!

Шваб Bethlehem Steel-ді елдегі ең ірі тәуелсіз металлургиялық компанияға айналдыра алды.

Тайм менеджмент саласындағы мамандар арасында мұндай басты жұмыстар тізімдері «Айви Ли формуласы» деп аталады. Бұл кеңесті кез келген адам, соның ішінде сіз де жүзеге асыра аласыз.

1. Болашаққа деген көзқарасыңызды, өміріңіздің, бизнесіңіздің және отбасыңыздың мақсаттары мен міндеттері туралы нақты анық шешім қабылдаңыз.

2. Компьютерде, смартфонда немесе ноутбукте бір күндік басты жұмыстардың тізімін жасаңыз.

3. Өз көзқарасыңызды жүзеге асыру, мақсаттарыңызға жету және жоспарларыңызды орындау үшін келесі күні орындау қажет алты басты тапсырманы жазыңыз.

4. Тізіммен күні бойы жұмыс істеп, аяқталған тапсырмаларды сызып тастаңыз.

5. Күннің соңында келесі күнге жоспарланған жаңа басты жұмыстар тізімін жасаңыз.

Тәулікте 24 сағат бар, оны өзгерту мүмкін емес, бірақ біз өзімізді белсенді түрде басқара отырып, өз уақытымызды тиімді басқара аламыз, яғни біз көбірек уақыт ала аламыз.

«Сіздің басты жұмыстар тізіміңізге сәттілік тілейміз және, әрине, қаласаңыз бәріңіз маған чек жібере аласыздар!»дейді Дэвид Чанг.

Уақытты қалай басқаруға болады? деген сұраққа 20 000 долларлық кеңес деп сонша ақша төлер ме едіңіз? Біреу сізге жақсы ақыл, кеңес берсе, ақшатөлейсіз бе?

Мақаланың түпнұсқасы: www.midweek.com/advice-worth-20000-a-minute/

368
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *