Шотландияға сапарым: 5-күн

Бүгінгі күн — кездесу күні. Алдында айтқанымдай бүгін сағат он екіде Глазгода оқып жатқан студенттер саябақта кездесеміз (арасында мен ғана студент емеспін), бәрін тек қана онлайн танимын, кейбіреуінің тіпті суретін де көрмегенбіз.  Фейсбукте Glasgow Kazakh Society бар, сол жерге мынадай хабарландыру жазған болатынмын:

шакыру

 

Соның нәтижесі бүгінгі кездесу болды. Мен негізі, ешқашан кешікпейтін адаммын, айтқан уақытынан аз болса да ерте келіп аламын, басқалардан да соны күтемін. Бірақ олай болмай шығады 🙂 Дегенмен жастардың біраз кешіккеніне қарамастан он екі адам жиналдық, бәрі мәз, қуанышты, біреуі тіпті осы жерде төрт жыл оқыса да бірінші рет осындай кездесуге шақырып, келіп тұрғанын айтып жатыр. Биыл жаңа келген магистранттар да бар, ішінде Болашақ бағдарламасымен, басқа да стипендиялар арқылы келгендері де бар екен (мысалы, Erasmus Mundus). Жанар болса бүгін ұшақтан түсіпті, күтіп алған қыздар бірден осы кездесуге ертіп келген екен.

Сонымен Ілияс, Зарина мен Қуаныш, Шуақ, Жанар, Назгүл, Алзира, Динара, Елдана, менімен бірге тағы екі қыз болды.

Бәріміз мына монументтің қасында кездестік, кейбіреулері оның қай жерде екенін таба алмай адасып жүріпті.

IMG_1829

Арамызда Шуақ Құлжадан келіпті, қалғандары Алматы, Астана, Павлодар қалаларынан. Әркім өзімен бірге жейтін тамақтарын әкеліп саябақта отырып, пикник жасадық.

Мына суретте: Шуақ, Жанар, Назгүл

photo

10429008_1500197546904290_1314751149_n 10704818_1500197440237634_1002250036_n

барлык студенттер

Глазго, Шотландия

жексенбі, 21.09.2014

 

412
Share

От bilimpaz

3 комментария для “Шотландияға сапарым: 5-күн”
  1. Керемет! Шотландия-Глазгоға барғандай болдық! Нұрталап пен Нұржан да қуанып жатыр.
    Алтынбек те сәлем айтуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *