1-күн 25 минут 1-2-тарау (28.06.2019)

1-күн 25 минут кітап оқыдым. Алдында айтқанымдай Томас Фостердің «Оқу өнері» (нақтырақ айтсақ «Қалай профессор сияқты кітап оқуға болады?») кітабынның 1-2-тарауын оқып шықтым. 

Осы тараулардың негізгі идеясы:

  1. Әдебиеттің өз грамматикасы бар. Сіз оқи аласыз, сіз ойын тәртібін қабылдап, соңында не болатынын болжай аласыз. Егер автор сұрақ қойып, сонан соң басқа нәрселерге ауысып кетсе де, ол әйтеуір бір кезде алдыңғы сұрағына қайтып келері сөзсіз.
  2. Әр жанрдың өз ерекшелігі бар, бірақ барлық жанрға тән конвенциялар да бар. Мысалы, көктем мезгілі – универсалды символ. Қар да, түнек те, түс те – символ. Әңгімеде, өлеңде көктем туралы айтқанда – оқырманның көз алдына түрлі ассоциациялар келеді: жастық, үміт, жаңа өмір, балалар ойындары, жайылып жүрген лақтардан абстрактілі түсініктерге дейін: ояну, жандану, қайта түлеу, тірілу.
  3. Тәжірибесіз оқырман әдеби мәтінді оқи бастағанда алдымен сюжет пен кейіпкерлерге мән береді: бұл адамдар кім, олар не істеп жүр, қандай жақсы не жаман оқиғалар бастарынан өтеді? Мұндай оқырмандар кітапты эмоция деңгейінде қабылдайды. Шығарма оның бойында қуаныш не ашу, күлкі не көз жасын, қорқыныш не шаттық сезімін оятуы мүмкін. Оқырман үшін кітапты оқу барысы кейіпкер туралы уайымдау, алаңдау тәжірибесі, сол сәтке сезім, түйсік деңгейіндегі бағасын беру тәжірибесі. Ал кітапты профессор-әдебиеттанушы ашша ше? Оларға да эмоционалды бағалау жат емес, олар да көздеріне жас алуы мүмкін, аяуы, қуануы мүмкін. Бірақ  олардың назары мәтіндегі басқа нәрселерге аударылады. Мына әсер ненің нәтижесінде пайда болды? Мына кейіпкер кімге ұқсайды? Бұрын да осындай жағдай болған сияқты ма? Бұл мына жазушыда (Данте, осер, Хаггард т.с.с.) болған сияқты ма? Егер сіз осындай сұрақ қоя бастасаңыз, шығарманы басқаша оқып, басқаша түсіне бастайсыз, сіз өзіңізге қызық және пайдалы нәрселерді табасыз. Еске түсіру. Символдар. Параллелдер. Кәсіби оқырманды басқалардан еркешелейтін осы үш нәрсе. Әдебиеттанушылар барлық жерден символ көреді, тіпті символмен ойлайды. Тәжірибелі болған сайын әдебиет пен өмір шамамен бірдей екенін, екеуінде де бірдей сызбалар мне конфигурациялар қайталанатынын түсінесіз. 

Бақытгүл Салыхова

28.06.2019

443
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *