4 қаңтар: Үлкен үштік

Райан Холидей, Стивен Хансельман жазған «Күнделікті стоицизм» /Данышпандық, күш-жігер және өмір сүру өнері туралы 366 ойтолғау/ кітабынан аудармалар ұсынамын.

Жалпы игілікке бағытталған дұрыс сенім-наным мен іс-әрекет және сыртқы себеп әсерінен болып жатқан барлық нәрсеге бағытталған жақсы көңіл-күй болса жеткілікті.

Марк Аврелий. Ойтолғау. 9.6

Стоицизмнің үш негізі — дүниетаным, әрекет, ерік. Олар осы кітапты ұйымдастыруға және сіз енді ғана бастаған бір жылға созылатын саяхатқа қатысады. Әрине, бұл философияда бұдан да көп ойлар бар және біз стоиктердің түрлі ойлары туралы айтып бір күнімізді өткізуімізге болар еді: «Гераклит былай ойлаған еді …», «Кипрдағы Китион қаласынан шыққан Зенон былай деген …». Бұл фактілер сіздің күнделікті өміріңізде пайдасын тигізе ме? Ұсақтүйектер маңыздыны нақтылай ма?

Стоиктер философиясының үш негізгі бөлігі мына ойларда жинақталған, оларды күнде жадыңда сақтап және әр шешім қабылдаған сайын есіңе түсіріп тұрған дұрыс:

Өз дүниетанымыңды басқар.

Өз әрекеттеріңді дұрыс бағытта.

Саған байланысты емес нәрселерді қабылдауға дайын бол.

Және осыны ғана жасау керек.

Аударма жасаған: Бақытгүл Салыхова (04.01.2022 жыл)

845
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *