Райан Холидей, Стивен Хансельман жазған «Күнделікті стоицизм» /Данышпандық, күш-жігер және өмір сүру өнері туралы 366 ойтолғау/ кітабынан аудармалар ұсынамын.

7 қаңтар: Ақыл-ойдың жеті айқын қызметі

Ал жанның ісі: құмарту (әуестену), құмартпау,  ұмтылу, аулақ болу, дайындалу, ниет ету, келісу. Ендеше, бұл істерде оны лас және жағымсыз ететін не нәрсе? Ол туралы жаман пікірлерден басқа ештеңе емес.

Эпиктет. Сұхбат. 4.11.6-7

Жоғарыда айтылған әр міндетті жеке алып қарайықшы.

Құмарту (әуестену) – дұрыс әрекет ету және ойлау.

Құмартпау – азғырудан бас тарты.

Ұмтылу – (бұрынғыға қарағанда) жақсырақ болу.

Аулақ болу – өтіріктен, келеңсіздік пен жамандықтан, жаман әсерден. Дайындалу – алда болатын нәрсеге немесе болуы мүмкін барлық нәрсеге.  Ниет ету – біздің негізгі принципіміз және басымдығымыз.

Келісу – бізге байланысты және байланысты емес нәрселер (пікірлер) туралы алданбау (және бізге байланысты емес нәрселерді қабылдауға дайын болу).

Ақыл-ой (сана) осыны істеу керек. Ал біз сананың осыны істегенін қамтамасыз етуіміз керек – бұдан басқасы қоқыс пен жолыңды бөгеу екенін айта кетейік.

Аударма жасаған: Бақытгүл Салыхова (07.01.2022 жыл)

905
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *