Соитиро Хонда

Жапон дизайнері және өнертапқыш, кәсіпкер, Honda компаниясының негізін қалаушы  Соитиро Хонда ерекше адам болған.

Соитиро Хонда (本田 宗一郎) 1906 жылы 17 қарашада Жапонияның Хамамацу қаласында темір ұстасының отбасында  дүниеге келген. Отбасын асырау үшін әкесі велосипед жөндеу шеберханасын ашады, сол жерде жас кезінен Соитиро техникаға үйір болады. Қалада бірінші авто көлік пайда болған кезде оның сыртқы түрі баланы қатты толғандырады. Ол автомобильдермен байланысты мамандықты меңгеруді армандай бастайды. 15 жасында Соитиро Токио қаласына барып, Art Shokai автожөндеу шеберханасына жұмысқа орналасады. Соитиро көп ұзамай механик болады, ал Sakakibara шеберханасының иесі жас жігітті Daimler автомобилі негізінде жарыс машинасының жобасын жасауға шақырады. Хонда тапсырманы тамаша орындап, өз автокөлігімен жарысқа қатысып, жеңіске жетеді.

Хонда өзінің алғашқы патентін 1928 жылы автомобиль дөңгелегінің ағаш спицтерін темірге ауыстыру идеясын ұсынған кезде алды. Сол жылы туған қаласында  «Art Shokai» фирмасының бөлімшесін ашып, жаңа жарыс машинасын жасауға кіріседі. 1930 жылдардың ортасында жаңа Хамамацу болиді жарыстарға белсенді түрде қатыса бастайды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Соитиро мотоцикл өндірісімен тығыз айналысты. Алғашында ол жай ғана велосипедтерге моторларды ілген болатын. Бірақ 1945 жылдың аяғында ол бұдан керемет бизнес жасауға болады деп шешіп, Honda Technical Research Institute комапаниясының негізін қалайды.

Осы компанияның аясында Honda жетілдірілген қозғалтқышы бар моторлы велосипедтердің сериялық өндірісін бастайды. Екі жылдан кейін байыған  Хонда компанияның атын Honda Motor Company деп өзгертіп, жаңа зауыт салады.

Компания әлемдегі жетекші мотоцикл өндірушілердің біріне айналады. Бірінші модель 1949 жылы жасалып, Honda Dream деп аталды.

1970 жылдары Хонда автомобильдер шығара бастады. 1973 жылы Соитиро концерннің басшысы қызметінен кетсе де, тағы он жыл бойы сол жерде жұмысын жалғастырды.

Соитиро Хонда 1991 жылы 5 тамызда Хамамацу қаласында (Жапония) бүйрек ауруынан қайтыс болды.

Сіздердің назарларыңызға ұлы өнертапқыштың бірнеше нақыл сөздерін ұсынамыз.

Оның табысының сыры неде деген сұраққа Соитиро Хонда былай деп жауап берген екен:

«Мен өмірімде көп қателіктер жібердім. Ал тыбысымның сыры – мен бір қателікті екі рет қайталаған емеспін».

Өмір қысқа, жылдамдық бізге берілген шектеулі уақыт ішінде қалаған нәрсеге қол жеткізу үшін қажет.

Жалпы алғанда, адамдарды мәжбүрлемесе, олар көбірек және жаңашылдықпен жұмыс істейді, ал оларға не істеу керектігі қатаң айтылған жерде мүлдем басқаша көрініс болады.

Көптеген адамдар табысқа жетуді армандайды. Мен үшін сәттілік — сәтсіздіктерді үнемі жеңу. Негізінде кез келген бизнесте сәттілік бір пайыз болса, сәтсіздік тоқсан тоғыз пайызды құрайды.

Кәсіпкерлер өздеріне қол жетпейтіндей мақсаттар қойып, сәтсіздікке дайын болуы керек.

538
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *