ARPANET: Алғашқы ақпарат жіберілген күн

Желі бойынша алғашқы ақпарат жіберілген күн – қай күн екенін білесіздер ме?

Осыдан 52 жыл бұрын 1969 жылдың 29 қазанында Ғаламтордың прототипі – ARPANET арқылы бірінші хабарлама жіберілген екен. Бұл да бір «Атаулы күн» екенін естен шығармайық.

Бұл коммуникацияның даму тарихында және Ғаламтордың пайда болу тарихында орасан зор рөл атқарған маңызды оқиға болды. Бұл күні АҚШ-та жаңа компьютерленген ақпаратты тасымалдау жүйесі арқылы деректерді берудің алғашқы сәтті әрекеті жүзеге асырылды. Бұл жүйе ARPANET (ағылшынша Advanced Research Projects Agency Network) деп аталды. Бұл АҚШ қорғаныс министрлігінің тікелей қатысуымен құрылған ұйымның атауының аббревиатурасы еді. Орыс тіліне аударғанда ұйымның атауы “Агентство передовых исследовательских проектов (Алдыңғы қатарлы зерттеу жобаларының агенттігі)” болып аударылды, ал оның ағылшын тіліндегі аббревиатурасы ARPA ретінде жазылды.

Жаңа жүйе компьютерлік желі болды, сондықтан оның атауы оны жасаған агенттік атауының аббревиатурасына «network» (ағылшынша “желі”) сөзін қосу арқылы қалыптасты. ARPANET осылай дүниеге келді.

Ал ақпарат берудің ерекше жаңа жүйесін құру байланыс саласында жаңа көкжиектер ашты. Желі бойынша алғашқы ақпарат жіберілген күн осылай есте қалды. Технологияның дамуы және бәсекелестердің пайда болуы APRANET-тің 1990 жылы өз қызметін тоқтатуына әкелді.

153
Share

от bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *