BookTube: кітаппен жұмыс істейтін және оқуды ұнататындар үшін 5 YouTube арнасы

Ғаламторда кәсіби қызметке қажет көптеген пайдалы және қызықты ақпаратты таба аласыз. Кітапхана қызметкерлері және жай оқырмандарға BookTube жаңа білімнің қайнар көзі бола алады. Бұл әртүрлі авторлардың кітаптарының мазмұны мен идеясын талқылайтын арналар екенін атап өтейік.

Сіздерге орыс тілінде жүргізілетін бірнеше арнаны ұсынамыз.

Калинкин! бейнеарнасының “Не істесем де, оқымасам болды (Чтобы мне поделать, только бы не почитать)” айдары. Женя Калинкин мен Даша Касьян классикалық әдебиетті тапқырлықпен өткір талқылайды. Олар жазушының жеке өмірін және шығарманың сюжетін спойлерсіз (не туралы айтылғанын ашпай) талдайды.

Арна аудиториясы: 394 мың жазылушы.

https://www.youtube.com/channel/UC7AfybgBq2g_c9C9Ynyru8Q/featured

Читалочка –  Полина Парстың кітаптар мен әдеби заттар туралы арнасы. Блогер бұл арнаны 2015 жылдан бері басқарады. Мұнда сіз заманауи және классикалық кітаптарға шолуларды табасыз.

Арна аудиториясы: 196 мың жазылушы.

https://www.youtube.com/c/chitalochka/featured

Alya reads – Әлия есімді қазақстандық кітап блогері. Алдыңғы блогерлер сияқты, бұл жасөспірім қыз қазіргі заманғы әдебиет пен классика туралы айтады. Бұл арнаның ерекшелігі – онда «24 сағат оқу» марафондары өтеді.

Арна аудиториясы: 36,2 мың жазылушы.

https://www.youtube.com/c/Aluareads/featured

Red Autumn Books – блогер Ольга Михневичтің арнасы. Бейнебаяндар сіздің сүйікті кітаптарыңызға, кітап  жаңалықтарына арналған, сіз сондай-ақ арнадан кітап шолуларын таба аласыз.

Арна аудиториясы: 110 мың жазылушы.

https://www.youtube.com/c/RedAutumnBooks/featured

Аля – блогер, оның пікірінше, ең жақсы кітаптардың шолуларымен бөліседі және болашақта оқимын деген топтамаларды жинақтайды.

Арна аудиториясы: 85,9 мың жазылушы.

https://www.youtube.com/c/snowrowans/featured

Кітап блогерін қалай таңдауға болады? Қай арнаның жүргізушісінің стилі мен форматы сізге жақын екенін түсіну үшін әр арнадан бір бейне роликті қарап шығыңыз. Содан кейін пікірге ойыңызды жазуды ұмытпаңыз!

Көруден және оқудан ләззат алыңыз! Дайындаған Бақытжан Салихов

355
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *