«Гибли» студиясының 7 керемет анимесі

«Гибли» студиясы Хаяо Миядзаки атымен тығыз байланысты, бірақ бұл студияда Хаяо Миядзаки түсірмеген анимелер де бар. Бүгін танымал болмаса да, тамаша түсірілген анимелер туралы сөз қозғайық.

7 отличных аниме студии «Гибли», которые снял не Хаяо Миядзаки

1. Кеше ғана

  • Драма, мелодрама.
  • Жапония, 1991.
  • Ұзақтығы: 118 мин.

Бұл күтпеген ересек және байсалды драмада «Гибли» студиясының негізін қалаушы және Миядзакидің тұрақты серіктесі Исао Такахата күнделікті тақырыптарды талқылайды: алғашқы махаббат, ер жету, алаңсыз балалық шаққа деген сағыныш және қазіргі кездегі сұрақтарға өткеннен жауап іздеу.

Бір қарағанда бұл аниме «Менің көршім Тоторо» сияқты балаларға арналған мультфильмдерімен танымал студияға мүлдем тән емес жұмыс болып көрінеді. Соған қарамастан, бұл фильм жапон анимациясының шыңы деп танылған, сонымен қатар 1991 жылы табысы жоғары ұлттық фильм ретінде атап өтілген. Таеко атты жас қыздың жан күйзелісі туралы фильмді әйел аудиториясы үшін жасалған ең дәл және сирек кездесетін шынайы анимелердің бірі деп санауға болады.

2. Хэйсэй және Помпоко кезеңіндегі тануки соғысы

  • Фэнтези, драма, комедия.
  • Жапония, 1994.
  • Ұзақтығы: 119 мин.

Исао Такахатаның тағы бір туындысында қазіргі шындық ежелгі жапон мифтерімен ұштастырылып беріледі. Оқиға қазіргі Жапонияда өтеді және Тануки сиқырлы тіршілік иелері (жанат типтес ит) Токио шеткі аймақтарында биік ғимараттар құрылысын салуға қарсы күрес жүргізеді.

Осы фильм арқылы «Гибли» студиясы сирек кездесетін жабайы жануардың жойылып бара жатқанына көпшіліктің назарын аударғылары келді.

3. Көршіміз Ямада

  • Комедия, отбасылық фильм.
  • Жапония, 1999.
  • Ұзақтығы: 104 мин.

Ямада отбасы туралы әзіл әңгімелер жинағы — қазіргі жапондардың күнделікті өмірі туралы шексіз күлкілі әзілдердің қайнар көзі. Сонымен қатар бұл студияның толықтай компьютерде салынып шыққан алғашқы фильмі. Міне, сондықтан суреттің комикс стилі мен қарапайым акварельді графиканы қолдану әдеттегі Ghibli анимация стилінен мүлде өзгеше көрінеді.

4. Қайтып келген мысық

  • Фэнтези, шытырман оқиғалы отбасылық фильм.
  • Жапония, 2002.
  • Ұзақтығы: 75 мин.

«Жүрек сыбыры» сияқты, бұл қысқа шытырман оқиғалы фильм студияға аниматорлардың жас буынын тарту мақсатында түсірілді. Мысық Баронның шытырман оқиғаларының толық нұсқасы үшін жауапкершілік жаңадан келген Хироюки Моритаға жүктелді.

Дегенмен негізгі элементтер фильмге Миядзаки әлемінен қоныс аударғандай: өте жас кейіпкер, шындықтан сиқырлы елге саяхат және мысық патшамен шайқас (ол ұлын қызға үйлендіргісі келеді) сияқты сюжеттер «Елес алып кеткендер» және шебердің басқа да фидьмдерін бірнеше рет еске салады.

5. Жертеңіз туралы аңыз

  • Фэнтези, шытырман оқиға.
  • Жапония, 2006.
  • Ұзақтығы: 115 мин.

«Жертеңіз туралы аңызды» Миядзакидің «Жүретін қамалымен» салыстыруға болады: екі фильмде де сиқыр мен шындық бір-бірімен қатар жүретін қиял әлемі туралы айтылады; екеуі де фантастика жанрындағы танымал ағылшын тілді авторлардың кітаптарына негізделген. Алайда танымал аниматордың ұлы Горо Миядзакидің дебютінде сюжет бөлшектері мен жалпы қатал интонация әкесінің шығармашылығынан гөрі американдық жазушы Урсула Ле Гуиннің әлемінен алынған.

Жалпы алғанда, бұл жаңадан бастап жатқан режиссердің айдаһарға, рыцарлық ерлікке және, әрине, махаббатқа толы жұмысы.

6. Лилипут елінен шыққан Ариэтти

  • Фэнтези, драма.
  • Жапония, 2010.
  • Ұзақтығы: 90 мин.

Хиромас Ёнэбаясидің дебюттік жұмысы («Марни туралы естеліктер») да балаларға арналған ағылшын тіліндегі романға негізделген және туа біткен жүрек ақауы бар жасөспірім Шо мен Ариэтти арасындағы достық туралы баяндайды.

Фильм бүкіл әлем бойынша жақсы қабылданып, табысты болды, ал Ёнэбаяси Миядзаки ісін жалғастыратын негізгі үміткер болды, бірақ сайып келгенде Ponoc студиясына ауысып кетеді.

7. Ханшайым Кагуя туралы аңыз

  • Фэнтези.
  • Жапония, 2013.
  • Ұзақтығы: 125 мин.

Бұл топтаманы осы анимесіз, яғни Исао Такахата мансабындағы соңғы туындысыз елестету қиын. Шебер өзінің соңғы фильмі үшін ең көне жапон аңызын — «Такэтори қария туралы хикаяны» таңдады. Алайда тағдырдың қалауымен Жерге түскен ай ханшайымы туралы қарапайым сюжет Такахатаның қолында таңғажайып философиялық ойға ұласып, нәтижесінде анимация әлеміндегі ең керемет туындыға айналды.

Дайындаған Бақытгүл Салыхова

401
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *