Дүниежүзілік аудиовизуал мұра күні

2005 жылы ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы өзінің 33-сессиясында 27 қазанды Дүниежүзілік аудиовизуал мұра күні (World Day for Audiovisual Heritage) деп жариялауды шешкен қаулысын қабылдады. Бұл күн 1980 жылы жылжымалы бейнелерді қорғау және сақтау жөніндегі ұсыныстың қабылданған күнінің мерейтойына байланысты белгіленді. Сонымен қоса бұл шара аудиовизуал құжаттардың ұлттық бірегейліктің құрамдас бөлігі ретінде маңыздылығын мойындау үшін шұғыл шаралар қабылдау қажеттілігі туралы жалпы хабардар болуды арттыру механизмі ретінде де қабылданды.

Қаулыда аудиовизуал мұраны сақтау үшін ерекше күш-жігер қажеттігі,  ақпарат тасымалдайтын құрылғылар өте осал және тез істен шығатындығы атап өтілген.

Аудиовизуалды мұраға фильмдер, радио және телебағдарламалар, аудио және бейне жазбалар жатады. Мұндай құжаттарды жаппай тарату 20 ғасырда басталды, қазір олар бастапқы ақпараттың негізгі тасымалдаушыларының бірі. Олар тілдік және мәдени шекараларды жеңуге көмектеседі, сауатты да, сауатсыз да адамдар мұндай ақпараттарды бірдей, есту немесе көру арқылы тиімді қабылдайды. Басқаша айтқанда, аудиовизуал құжаттар дәстүрлі жазба ақпарат құралдарына қосымша бола алады. Аудиовизуал мұрағаттар бізге әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдар мен мәдениеттердің өмір тарихын айтып береді. Олар біздің ұжымдық жадымызға куә болатын баға жетпес мұра және құнды білім көзі. Олар біздің қауымдастықтардың мәдени, әлеуметтік және тілдік әртүрлілігін көрсетеді. Аудиовизуал мұрағаттар бізге өсуге және бәріміз бірге өмір сүретін әлемді түсінуге көмектеседі.

404
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *