Естен кетпес фильмдер

Қанша кино көрсеңіз де, ішінде естен кетпес фильмдер болады. Олар әйтеуір бір ерекше сөзімен, кейіпкерімен, оқиғасымен, не басқа да себепке байланысты ойыңызда ұзаққа сақталады.

Жыл сайын жүздеген, мүмкін мыңдаған фильм шықса, соның бәрін көріп шығуға уақытытмыз да, өміріміз де жетпес еді. Бірақ таңдаулыларын, мықтыларын ерте ме кеш пе көретініміз сөзсіз.

Сондықтан сіздерге де осындай естен кетпес фильмдер тізімін ұсынуды жөн көрдік.

Генри кітабы, 2017

Қызығы мен шытырман оқиғасы, құпиясы бар балалық шағымызға оралуды бәріміз де аңсаған болармыз. Бірақ балалық шағыңыз сондай керемет те болмауы мүмкін ғой. «Генри кітабы» — отбасымен бірге көретін фильм, ересектерге де, балаларға да әр күннің маңызы мен құндылығын түсінуге көмектеседі.

Маутхаузен фотографы, 2018

Фотограф Франсиско Бойстың көзқарасы бойынша сипатталған — австриялық концлагерьдің тарихы. Маутхаузенде ол фашистер мұрағаты үшін фото түсіреді, ол зорлық-зомбылық пен өлімнің жан түршігерлік көріністерін көрсетеді. Ол достарының көмегімен суреттерді таратуға тырысады, бірақ мұндай әділетті әрекеттің құны қандай болады?

© El fotógrafo de Mauthausen / Filmteam

Арал, 2019

19 ғасырдың ортасы. Шотландияның батыс жағалауындағы елсіз аралдың жағалауында қатты дауылдың кесірінен кеме апатқа ұшырайды. Үш матрос аман қалады, бірақ олар құрлыққа жеткенде тек төрт жергілікті тұрғынды көреді. Тірі қалғандар тұрғындардың не жасырып жүргенін және олардың құтқарылуы үшін қандай баға төлейтінін анықтауы керек.

Уилл Гарднер, 2019

Стаистикаға сенсек тек қана АҚШта жыл сайын шамамен 6 мың соғыс ардагері өзіне қол жұмсайды. Ал соғыстан оралғандардың басым бөлігі қоғамнан шеттетіледі. Фильмде Ирактан қайтқан ардагердің оқиғасы баяндалады, ол әр түнде өзін азаптайтын қорқыныштан арыла алмай жүреді. бірақ ол бұрынғы өміріне қайта оралып, кішкентай ұлымен қауышқысы келеді.

Жындыханадан қашу: Нелли Блайдың тарихы, 2018

Фильм шынайы оқиғаларға негізделген. Жадынан айырылған жас қыз аралдағы психиатриялық клиникаға түседі. Бірақ Нелли өзін мүлдем сау адам ретінде сезінеді. Бір күні ол бастық кабинетінен күнделігін ұрлап алып, одан түсініксіз жазбаларды оқиды. Ол өзінің кім екенін және не үшін осы жерде жүргенін есіне түсіруі керек.

Белгісіз Мэрилин, 2012

Мэрилин Монро есімін естігенде көз алдымызға кім елестейді? Аққұба, әрқашан көңілді, сотқар, тентек мінезді әйел ме? Бұл фильм сіздің осы әйел туралы қалыптасқан барлық ойларыңызды өзгертеді. Фильм замандастарының әңгімелеріне және Мэрилиннің күнделіктеріне негізделген. Фильм барысында таңғажайып актриса өз өмірі, махаббаты және қиындықтары туралы өзі айтып жатқандай сезіледі.

Жынысы бойынша, 2019

Рут Бейдер Гинсбург оқиғасына негізделген өмірбаян фильмі. Заңгер Рут Америка Құрама Штаттарында екі жыныстың да тең құқықтары үшін күресті. Ол Гарвардты бітірген алғашқы әйелдердің бірі, оның білімі мен дағдылары факультеттегі көптеген ер адамдардан асып түсті. Руттың мансапқа деген құштарлығына қарамастан, ол сүйікті жар және ана болып қала берді. Күн астындағы өз орнын алу үшін оған барлық майданда да соғысуға тура келді.

Сіз осы фильмдерді көрдіңіз бе? Естен кетпес фильм деп қайсысын айтар едіңіз?

498
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *