Клейтон Кристенсен

Клейтон Кристенсен — америкалық ғалым, педагог, бизнес-кеңесші және Гарвард бизнес мектебінің іскерлік басқару профессоры. Rose Park Advisors венчурлық компаниясының және Innosight консалтинг фирмасының тең құрылтайшысы.

Кристенсен өзінің «Инноватор дилеммасы» атты бірінші кітабында алғаш рет ұсынылған «қопарғыш инновация» теориясымен танымал. Онда ол қалыптасқан компаниялардың неліктен бәрін «дұрыс» істесе де, сәтсіздікке ұшырайтыны туралы классикалық түсініктеме береді. Компаниялар тұтынушылардың ағымдағы сұраныстарына байланысты инновациялардан бас тартуы мүмкін, алайда инновациялық ойыншылар тұтынушылардың болашақ қажеттіліктеріне негізделген өнімдерді қалай жасау керектігін біледі.

Boston Globe мақаласында Кристенсен онлайн білім беру мысалында қолдаушы және қопарғыш инновациялар арасындағы айырмашылық туралы сөз қозғайды.

«Жоғары білім дәстүрлі түрде тек қолдау көрсететін инновацияларды алға жылжытады», — деп жазады ол. «Университет рейтингтеріндегі бәсекелестерден оқ бойы озық болу үшін университеттер оқу кабинеттері мен технологияларды жаңартты, ғылыми зерттеулерге ақша бөлді, әкімшілік шығындарды көбейтті, жатақханалар мен асханалар салды. Шығындар артып, бақылаудан шықты. Бақытымызға орай, MOOC маниясы (Massive open online course – Массивті онлайн оқыту курстары) басқаша ойлауға итермелейтін маңызды пікірталас тудырды».

Клейтон Кристенсен өзінің Карен Диллон, Тедди Халл және Дэвид Дунканмен бірігіп жазған «Сәттілікпен бәсекелесу: инновация және тұтынушы таңдауының тарихы» (Competing Against Luck: The Story of Innovation and Customer Choice), атты жаңа кітабында тұтынушылар тек қызметтерді немесе тауарларды сатып алмайды деп дәлелдейді. Олар белгілі бір жұмысты орындау үшін оларды «жалдайды» дейді.

Дайындаған Бақытжан Салихов

533
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *