Сізге ақша әкелетін 5 жол

TranZact (сақтандыру қағаздарын сату маркетплейсі) негізін қалаушы және зейнеткер-кәсіпкер Чарльз Типс сізге бай болуға көмектесетін 5 жолды көрсетеді.

«Ешкім ешқашан жалақы алу арқылы байыған емес», — деп әкем жиі айтатын еді. Бұл не дегені? Сонда жұмыс жасау бізге бай болуға көмектеспей ме? Әрине, менің күмәнім жоқ: бай болу үшін көп күш салып еңбек ету керек. Сонымен қатар сіздің еңбегіңіз қаншалықты сапалы және ақылмен жасалған болса, баю мүмкіндігіңіз де соғұрлым жоғары болады.

Әкем: «Біреу үшін күніне сегіз сағат жұмыс істеу қалыпты жағдай. Алайда күніне сегіз сағат өз пайдаңызға да жұмыс жасауды ұмытпаңыз. Ал демалыс күндері өз пайдаңызға тіпті он екі сағат еңбектенсеңіз де болады» дейтін. Ол өмір бойы тап осылай істеді.

Өз уақыттыңызды сағаттап сату алға шығуға көмектеспейді. Кадрлар бөлімінде сіздің «бағаңызды» тиынына дейін баяғыда-ақ есептеп қойған.

Сізде беделді заң факультетінің дипломы мен жоғары жалақы болса да, шығындарды шегергеннен кейін, сіз тапқан табыстың үштен бірін де алмауыңыз мүмкін. Бар күшіңізді салып, бас көтермей жұмыс жасасаңыз да, тек күш-жігер сізді алысқа апармайды. Бұл сізді бай етпейді.

Сонымен қаржылық тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін не білуіңіз қажет?

Ең алдымен, тек қаржылық байлыққа ғана емес, жалпы дәулет пен ауқаттылыққа жетуге ұмтылу керек. Бұл жерде «қаржылық» деген ақша дегенді білдіреді, бірақ сіз ақшаның өндірілген заттардың «тұрағы» екенін түсінуіңіз керек. Байлықтың негізінде жер, өндіріс және осы екеуінің де адамның меншігінде болуы жатыр.

Ақша –  келісім жасаудың ыңғайлы әдісі.

Сондықтан табыс көшесіне бұрылысты жіберіп алғыңыз келмесе, келесі жайттарды жете түсінуіңіз қажет. Біз сізге көп ақша әкелетін бес жолды ережелер түрінде ұсынамыз.

1-ереже. Өзіңіз нені қалайтыныңызды біліңіз

Егер сізде үлкен бюджет болса, бұл әлі байлық емес. Сіздің компанияңыздың жылдық айналымы миллиондаған доллар болуы мүмкін, бірақ сіздің байлығыңыз сізге келетін пайда ғана. Картадан жасалған үлкен үй де, кішкентай үй де бірдей тез құлайды. Өзіңізге не керек екенін, нені қалайтыныңызды бірден нақтылап алыңыз.

2-ереже. Қаржылық тірек (немесе «басқа адамдардың ақшасы»)

Мысалы, конвейер жұмыс істеуі үшін кәсіпкер танысыңызға 200 конденсатор қажет. Басқа жолы болмағандықтан ол әрқайсысына 2 доллар төлеуге дайын. Айталық сізде 100 доллар бар және сіз мұндай конденсаторларды 1 долларға қай жерден сатып алуға болатынын білесіз. Керемет, сіз екі есе көп пайда таба аласыз! Ал оған қоса сіз осы жүз долларды біреуден қарызға алып, 110 долларды қайтарсаңыз, онда пайда мөлшері үш есеге жуық артады.

Бірақ ең жақсысы – танысыңызды алдын ала төлеуге көндіру. Осылайша сіз өзіңіздің ақшаңызға қауіп төндірмей одан да көп пайда табасыз.

3-ереже. Жұмыс күші

Баяғыда, әлі де бөлшек саудамен айналыспаған кезде, мен терезе жууға жаңа бір кісіні жалдадым. Келесі келгенде ол жұмысқа костюм киіп келді, жұмысына кассадан 20 доллар алып, терезені тазалау үшін өз орнына басқа жұмысшыны қалдырды. Көп ұзамай мен қаланың әр жерінде бұл адамның кем дегенде үш  жұмысшысы бар екенін байқадым. Мен оның жұмыс жасайтын үш терезе жуатын маманымен қанша ақша табатынын есептей бастадым (ол өзі сатумен және байланыспен ғана айналысты). Мен ол жігіттің сағатына 21 доллар салып (бұл 35 жыл бұрынғы бағалар) және артық жұмысқа сағатына 2 доллардан аспайтын қосымша үстеме төлегенде, сағатына 120 доллар табатынын түсіндім.

Мен қатты таң қалдым. Ол маған, өркендеп келе жатқан бизнестің серіктесіне қарағанда, басын қатырмай басқа жұмыс күшін қолдана отырып төрт есе артық таза пайда алатын болып шықты.

4-ереже. Мүмкіндіктерді іздеу

Жалпы экономика дегеніміз не? Бұл барлық өнімдер жасалатын өндірістік цикл. Ол кәсіпкер болашаққа қарап, ақша табудың мүмкіндігін көрген сәттен басталады. О, терезе тазалау компаниясын құру қаншалықты оңай болар еді! Неліктен барлық терезе жуғыштардың 99%-ы  барлық жұмысты өздері жасайды?

Тиімді болатын мүмкіндіктерді тани білу үшін тапқырлығыңызды арттыру қажет. Көптеген адамдар бизнесті бастау дегенді дұрыс түсінбейді. Олар өздері үшін жұмыс орынын жасап, бұған қоса бастық, хатшы және маркетинг бойынша менеджердің функцияларын орындайды. Бір адам төрт адамның жұмысын жасайды. Бұл пайда табудың емес, сарқылудың сенімді әдісі.

5-ереже. Ақша табу үшін қаржы салыңыз

Марк Цукерберг бір күнде 4 миллиард долларды қалай табады? Джефф Безос 20 минутта 6 миллиард долларды қалай жинайды? Олар не өздеріне бір сағатта табатын жалақысын көтерді ме?

Жоқ. Олардың құпиясы – акция капиталына қаражат бөлу.

Адам өмірі қысқа, ал денесі нәзік. Өмір бойы біз 100 мыңнан 150 мың сағатқа дейін жұмыс жасай аламыз (бұл уақытты таза табысқа көбейтіңіз –  бұл сіздің таба алатын байлығыңыздың сомасы).

Бізден айырмашылығы, ақша мен инвестициялар тәулік бойы жылына 365 күн жұмыс істейді,  бұл үшін сізге мүлде күш салудың қажеті жоқ. Ең бастысы – жас кезден бастап мүмкіндігінше үнемді өмір сүру, маңызды емес заттардан бас тартып, әр тиынды үнемдеу. Егер сіз осы үнемдеп жинаған ақшаны өзіңізге жұмыс істетсеңіз, ол сізге күні-түні пайда әкеледі. Сіз жақсы мейрамханада тамақтана аласыз, сонымен бірге түскі асқа төлейтін жеткілікті ақшаңыз болады.

Соңғы ереже: сіз бай болу үшін бар өміріңізді салуға дайын болуыңыз керек. Тәуекелге баруыңыз керек. Ауырлықты сезініп, құлауыңыз да мүмкін, оған да дайын болыңыз. Бәрін ойластырып, мақсатыңызға еппен, жайлап жылжысаңыз да, соңында басындағыдан да нашар күйде қалуыңыз да мүмкін.

Көптеген адам мұндай күйзеліс пен мәңгілік күмәнмен өмір сүру үшін жаралмаған. Сондықтан оларға біреуге ақылға қонымды және тұрақты жалақы үшін жұмыс істеу ұнауы мүмкін. Таңдау өзіңізде. Ойланып, өз жолыңызды таңдаңыз.

Дайындаған Бақытжан Салихов

190
Share

от bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *