Қаржы мәселесіндегі ең маңызды 4 сұрақ

Өз мақсаттарыңыз бен мүмкіндіктеріңізді дұрыс бағалау, қаржылық жағдайыңызды жете түсіну үшін осы маңызды 4 сұрақтың жауабын білуіңіз керек.

  1. Сіздің қанша қарызыңыз бар?

Қарыздан тезірек құтылу үшін оның көлемін соңғы тиынына дейін білуіңіз қажет. Сонымен қоса қарызды өтеуге қанша уақыт кететінін санап көріңіз. Бұл ақпаратсыз қажетті, нақты төлем жоспарын құру мүмкін емес.

Қарызды өтеу үшін қанша жыл мен ай қажет болатынын есептеңіз, қай кезде төлемдерді ұлғайтуды бастауға болатынын санаңыз. Жанұяңыз бар болса, жұбайыңыздың қанша қарызы бар екенін білу маңызды, себебі бұл сіздің қаржылық жағдайыңызға да әсер етеді.

2. Сізде қанша жинақ бар?

Бұл сізге қанша қаражат жұмсап немесе үнемдеп жатқаныңызды түсінуге және төтенше жағдай қорын жоспарлауға көмектеседі. Әсіресе бюджетті жұбайыңызбен жоспарласаңыз, қаражат қорын білу өте маңызды.

Егер сізде бірнеше айға жететін ақша қоры болса, оны инвестицияға немесе басқа да үлкен мақсатқа аудару жолдарын қарастырыңыз.

Қанша ақшаңыз бар екендігі туралы нақты ақпарат – қаржылық тәуелсіздікке бірінші қадам.

3. Кредит картаңыздағы қарызыңыз бен оның пайыздық мөлшерлемесі қандай?

Қазіргі уақытта қолма-қол ақшамен сирек төлейді, банк картасын немесе қосымшаны қолдану әлдеқайда ыңғайлы екені сөзсіз. Алайда, бұл жағдай байқамай тым көп ақша жұмсау мен қарызға бату мүмкіндігін де арттырады.

Ай сайын кредит картасының қалдығын қадағалауды ұмытпаңыз. SMS хабарламасын қосыңыз немесе күн сайын банк қосымшасында балансты тексеріңіз. Жақсы несие тарихы үшін лимитіңіздің 30%-дан аспайтын мөлшерде жұмсап, қарызды бір ай ішінде төлеуге тырысыңыз.

Егер сіз бір ай ішінде карточкаңыздағы қарызды төлей алмасаңыз, сізден қанша пайыз алынатынын білу маңызды. Бұл қандай қарызды бірінші кезекте төлеу керек және күтпеген жағдайда қандай картаны пайдалану керек екенін шешуді жеңілдетеді.

4. Сіз қанша табыс тапқыңыз келеді?

Есіңізде болсын, ең бастысы ақша емес, бүкіл өміріңізді ақша табуға жұмсамауыңыз керек. Соған қарамастан, алдыңызға қаржылық мақсат қойып, оған жетуге ұмтылу маңызды.

Өзіңізге қажетті соманы білу мансабыңыз бойынша шешімдер қабылдауды жеңілдетеді.

Сіз не үшін жұмыс істеп жатқаныңыз туралы ойланыңыз. Егер мақсатыңыз қаржылық тәуелсіздік болса, онда белгілі бір мөлшерде ақша тауып, артығын жинақтау керек. Содан кейін зейнетке ерте шығуға немесе жеке кәсіп ашуға болады. Егер сіз отбасын асырау үшін жұмыс жасасаңыз, жалақыңыз отбасының барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін жеткілікті болуы керек.

Дайындаған Бақытжан Салихов

161
Share

от bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *