Канбан — жұмысты ұйымдастыру жүйесі

Канбан –  бұл 1940 жылдардың аяғында Toyota компаниясында қолданылған өндіріс тұжырымдамасының құрметіне аталған жапондық жұмысты ұйымдастыру жүйесі (ұқсас түсініктер –“ұқыпты өндіріс”, “дәл уақытында”).

Өнеркәсіпте канбан (жапон тілінен аударғанда «маңдайша жазу» немесе «жарнама тақтасы» дегенді білдіреді) әрбір өніммен бірге жүретін жапсырма қағаздарға негізделген. Бір уақытта бір үлгідегі жапсырма қағаздардың тек белгілі бір саны болуы мүмкін және олар автомобильдің белгілі бір бөлшегіне сәйкес келуі керек. Мұндай жүйенің артықшылығы –  уақытты үнемдеу, барлық қызметкерлер үшін өндірістік процестің анық болуы, ақауларды жоюдың қарапайым және жылдам процесі. Бұл тұжырымдама тек автомобиль өнеркәсібінде ғана емес, сонымен қатар әр түрлі компанияларда, соның ішінде компьютерлік бағдарламаларды жазатын фирмаларда да қолданылады.

Джеймс Бенсон мен Тоньянна ДеМария Барри «Жеке канбан» кітабында осыған аттас әдістемесін сипаттаған. Ол екі принципке негізделген: жұмысыңызды көз алдыңызға елестету және жалпы бітпеген жұмыс көлемін шектеу. Бұл әдістемені жүзеге асыру үшін кеңсе тақтасын алып, оған үш баған сызу керек: «Тапсырмалар», «Орындалуда» және «Орындалды». Жеке тапсырмаларды түсі немесе салынған таңбасы ерекше қағаздарға жеделдігіне немесе  жұмыс түріне қарай (мысалы, жеке немесе іскерлік) сұрыптап жазу қажет. Барлық карточкаларды «Тапсырмалар» бағанына бекітіңіз, содан кейін бірінші бағаннан кем дегенде үш тапсырманы (үштен аспауы керек) «Орындалуда» бағанының ортасына жылжытыңыз Канбан. Бұл нақ осы уақыт шеңберінде назар аудару керек жұмыстар. Тапсырма жүзеге асырылғаннан кейін оны «Аяқталды» бағанына жылжыту керек және «Орындалуда» бағанына көшіру үшін жаңа тапсырманы таңдау қажет.

Дацындаған Бақытжан Салихов

1057
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *